50519
Елімізде Toyota Camry және Toyota RAV 4 маркалы көліктер енді сатылмайды
Елімізде Toyota Camry және Toyota RAV 4 маркалы көліктер енді сатылмайды
Қазақстанда Toyota Camry және Toyota RAV 4 автомобильдерінің сатылымы тоқтатылды деп хабарлады turkystan.kz «Тойота Мотор Қазақстан» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл модельдердің cатылымнан алынуына Санкт-Петербургтегі Toyota зауыты жұмысының тоқтатылуы себеп. Бұған дейін көліктер сол жерден өндіріліп, Қазақстанға жөнелтілетін. Бүгінде автомобиль компоненттерін жеткізудің кешіктірілуіне байланысты өндіріс тоқтатылды.
«Тойота Мотор Қазақстан» автокөлік тапшылығына байланысты жағдай уақытша сипатқа ие деп хабарлайды. Компания баламалы шешімдерді іздеумен айналысады. Бұл Toyota RAV 4 және Toyota Camry модельдері жанкүйерлерінің жоғары сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік береді деп санаймыз», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Қазақстандық автобизнес қауымдастығының дерегінше, Toyota автокөліктері 2021 жылы ең көп сатылатын үштіктер қатарына енді. Жапон маркасының дилерлері 13,8 мыңнан астам автомобиль сатқан. Оның ішінде Camry моделі 5599 рет саудаға түскен.