50469
Референдум: дауыс беру учаскесін қалай табуға болады
Референдум: дауыс беру учаскесін қалай табуға болады
2022 жылдың 5 маусымында Қазақстанда республикалық референдум өтеді. Осы орайда, дауыс беруге бармастан бұрын қай дауыс беру учаскесіне тіркелгеніңізді білген абзал деп хабарлады turkystan.kz.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында Конституцияға өзгерістер енгізу жөнінде референдум өткізуді ұсынды.
Референдумға қатысқандардың 50 пайыздан астамы оған нақты дауыс берсе, түзету қабылданады.
Сайлау учаскесін қалай іздейміз?
Сайлау уческесін келесі ақпарат ресурстарына кіріп табуға болады:
gov.kz/referendum;
referendum.gov.kz;
referendum2022.gov.kz.
Қазақстан азаматы ЖСН нөмірі арқылы өзінің учаскесін таба алады. Ал табылмаған жағдайда, ақпарат ресурсының соңында әкімдіктердің call орталығының тізімі шығады. Көрсетілген нөмірлердің біріне хабарласып, қайда барып дауыс беру керегін білуге болады.