50441
Жалақысы ең төмен өңірлер аталды
Жалақысы ең төмен өңірлер аталды
Биыл бірінші тоқсанда елімізде атаулы орташа айлық жалақы 285,4 мың теңге болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 23,7%-ға артық деп хабарлады turkystan.kz.
Ranking.kz сайтының мәліметіне сүйенсек, 2021 жылы ұқсас кезеңде орташа айлық жалақы 230,8 мың теңге болды.
Ең жоғары атаулы жалақы дәстүрлі түрде Атырау облысына тиесілі: 477,9 мың теңге, өткен жылмен салыстырғанда 17,8%-ға артық. Мұнда жалақы елдегі орташа көрсеткіштен 67,4%-ға жоғары.
Екінші орында Маңғыстау облысы тұр: 416,2 мың теңге, бір жылда 20,9%-ға артқан.
Үздік үштікті Нұр-Сұлтан қорытындылайды: 366,5 мың теңге, бір жылда 19,2%-ға өскен.
Алматыда орташа айлық жалақы 327,5 мың теңге болды.
Ең төменгі атаулы жалақы Солтүстік Қазақстан облысында: 203,4 мың теңге, өткен жылмен салыстырғанда 22%-ға артық. Бұл Қазақстандағы орташа көрсеткіштен 28,7%-ға төмен.