52186
Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне қауіп төніп тұр
Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне қауіп төніп тұр
Ортағасырлық сәулет өнерінің жауһары Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне қауіп төніп тұр. Мавзолей маңын жасанды абаттандыру кесірінен кесене қабырғалары ылғал тартып, күмбездің беткі қабаты қопси бастаған, деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz. сілтеме жасап.
Түркістанға табан тіреген жұрттың ең әуелі баратын орны – қасиетті Қожа Ахмет Яссауи кесенесі. Кесене маңында жайқала өскен гүлдер көз қуантады. Алайда шектен тыс ылғалдан дала төсінде мыңдаған жылдардан бері мызғымай келе жатқан кесенеге қауіп төніп тұр.
«Қожа Ахмет Яссауи кесенесін қорғау ұйымы» атты жергілікті ғалымдардан құралған ерікті топ оншақты жылдан бері кесененің жағдайын зерттеп бақылап келеді.
«Кесененің алдыңғы жағынан кіретін үлкен қақпа жағынан тұзды бұрын байқамайтынмын. Тұз осы 1-2 жыл бұрын ғана пайда болды. Қайдан пайда болды, не өзгеріс пайда болды деп көптен ойлап жүруші едім. Кейінгі жылдары кесененің алдында көгалдандыру, абаттандыру деген жұмыстар жүрді. Айналасы көк шөп көрсеңіз. Ал шөп өсу үшін су керек екені белгілі. Таңертең де, кешке де суарылып жатады. Сол судан ылғал көбейіп, кесененің қабырғасы тартып жатыр. Ғалымдар тарапынан кезінде талай мәрте айтылды. Бірақ абаттандыруға жауапты тиісті мекемелер ескермеді»,– деді Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ профессоры Мұхтар Қожа.