Батыс Қазақстан облысында ток соққан екі бала ауруханаға түсті

Батыс Қазақстан облысында ток соққан екі бала ауруханаға түсті

Батыс Қазақстан облысында ток соққан екі бала ауруханаға түсті
ашық дереккөзі
50256
Оралда ток соққан екі бала ауруханаға түскен. Жағдайы өте ауыр деп хабарлады turkystan.kz. БҚО ТЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бірінші оқиға 24 мамыр күні сағат 13.55-те Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылында болған. Төрт бала ойнап жүріп, подстанцияның қоршалған жабық аумағына кірген. Сол кезде бес жасар ұл баланы ток соққан. Қазіргі таңда аудандық ауруханаға жатқызылған оның жағдайы ауыр. Екінші оқиға 24 мамыр күні сағат 11.00-де Казталов ауданы Бостандық ауылдық округі Ақсуат қыстағында болды. Ата-анасының қарауынсыз қалған алты жасар ұл бала трансформаторға (380 Вт) қолын тигізген. Соның салдарынан 2-3 дәрежелі күйік жарақатын алып, аудандық ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орташа. БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, Жаңақазан ауылында ток соққан баланың екі қолы күйген. Жағдайы өте ауыр. Қаладан кеше санавиация барды.

Серіктес жаңалықтары