Асыраушысынан айырылғандарға берілетін орташа жәрдемақы қанша?

Асыраушысынан айырылғандарға берілетін орташа жәрдемақы қанша?

Асыраушысынан айырылғандарға берілетін орташа жәрдемақы қанша?
ашық дереккөзі
50519
Қазақстандықтарға мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша 139,8 млрд теңге жәрдемақы төленді деп хабарлады turkystan.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. Оның ішінде биыл сәуір айында республикалық бюджеттен мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 27,5 млрд теңге, асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы төлеуге 7,7 млрд теңге жұмсалды. 2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша, мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 525,8 мың, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 175,9 мыңға жетті.
«Мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектік тобына және себебіне, қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асырауындағы адам санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленетін ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болады», - делінген хабарламада.
1 мамырдағы жағдай бойынша, мүгедектік жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері – 52 347 теңге, асыраушыдан айырылу жағдайы бойынша төленетін жәрдемақы – 43 574 теңге.

Серіктес жаңалықтары