Елімізде студенттерге арналған гранттың жаңа түрі пайда болады

Елімізде студенттерге арналған гранттың жаңа түрі пайда болады

Елімізде студенттерге арналған гранттың жаңа түрі пайда болады
ашық дереккөзі
51046
Қайырымдылық бағдарламасы жаңа оқу жылының басында жүзеге асырыла бастайды. «Қазақстан халқына» қоры студенттер үшін білім беру гранттары түрінде қайырымдылық көмек көрсету бағдарламасын әзірлейді деп хабарлады turkystan.kz Қор төрағасы Болат Жәмішев Білім және ғылым министрлігі өкілдерімен және ЖОО ректорларымен онлайн-кездесу өткізді. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады. Ол студенттерге грант түрінде қайырымдылық көмек көрсету бағдарламасын таныстырды. Мұндай гранттарды іріктеу критерийлері, бөлу тетіктері мен әдістері Білім министрлігімен бірлесіп жоғары оқу орындарының белсенді қатысуымен пысықталады. Бағдарламаны 1 қыркүйекке дейін іске қосу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, қор қазақстандықтардан университеттерде оқу ақысын төлеу туралы көптеген өтініш түсетінін хабарлады. Еске салсақ, «Қазақстан халқына» қоры Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша құрылған. Қайырымдылыққа қаражатты ірі бизнес нысандары бөледі.

Серіктес жаңалықтары