Молдованың бұрынғы президенті Игорь Додон мемлекетке сатқындық жасады деген күдікпен 72 сағатқа ұсталды деп хабарлады turkystan.kz. «Sputnik Молдова» ақпараты бойынша, тергеу қылмыстық іс шеңберінде төрт бап бойынша жүргізіледі: пассивті сыбайлас жемқорлық, саяси партияның қылмыстық ұйымнан қаржы алуы, заңсыз баю және мемлекетке опасыздық жасау. Молдованың экс-президентіне тиесілі үй мен кейбір үй-жайларда тінту жүргізілген.
«Тергеу шаралары жалғасуда. Ол 72 сағатқа ұсталды», - деді Молдова Бас прокуратурасының баспасөз хатшысы Марианна Керпек.Молдованың Бас прокуратурасы 18 мамырда Игорь Додонға қарсы қылмыстық іс қозғаған. Ол кәсіпкерден ірі көлемде пара алды деп күдікке ілінген.