ІІМ Игорь Дужновқа қатысты мәлімдеме жасады

ІІМ Игорь Дужновқа қатысты мәлімдеме жасады

ІІМ Игорь Дужновқа қатысты мәлімдеме жасады
ашық дереккөзі
Өмір бойына бас бостандығынан айырылған алматылық Игорь Дужнов жазасын Қостанай облысында өтейтін болды. Бұл туралы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Ведомство мәліметінше, ҚК 99-бабының 2-бөлімі («Екі және одан да көп адамды өлтіру») бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырылған сотталушы өткен жылдың қазанынан бастап Алматының тергеу изоляторында жазасын өтеп жатыр.
«Қазақстанда 80 түзеу мекемесі бар. Олардың біреуі ғана Қостанай облысы бойынша ҚАЖД УК-161/3 өмір бойына сотталған адамдарға арналған. Дужнов мерзімін өтейтін төтенше қауіпсіздік мекемесі Жітіқара қаласынан 25 шақырым жерде орналасқан»,- деп хабарлады ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін сот Игорь Дужновқа өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындағаны туралы жазғанбыз. Еске сала кетсек, былтыр 20 қыркүйек күні Алматыда жеке үйлердің біріне келген сот орындаушыға, учаскелік полиция инспекторларына үй иесі - 1967 жылы туған азамат оқ атты. Қызмет барысында 5 адам, оның ішінде 2 полиция қызметкері оқтан жарақат алып, көз жұмды. Қаза тапқан полицейлердің бірінің артында – 5, екіншісінде 2 бала қалды. Тағы оқи отырыңыз: «Мен қазақ елін содырлардың олигархтық жүйесінен босаттым!» – Дужнов