«Мен қазақ елін содырлардың олигархтық жүйесінен босаттым!» – Дужнов

«Мен қазақ елін содырлардың олигархтық жүйесінен босаттым!» – Дужнов

«Мен қазақ елін содырлардың олигархтық жүйесінен босаттым!» – Дужнов
ашық дереккөзі
Бүгін сотта Игорь Дужнов өзін Қазақстан халқын бандиттік олигархиялық жүйенің бұғауынан азат етуші деп санайтынын айтып, сөз сөйледі деп жазды turkystan.kz @kaztag_tg-ға сілтеме жасап.
«Мен елімізде билікті деолигархизациялау үдерісінің басталғанына қуаныштымын. Осының бәрі мені өте қатты жігерлендіреді әрі менің қасіретімнің өтемақысы бола алады. Мен Қазақстан халқының игілігі үшін елімізді қарақшы олигархиялық жүйенің құрсауынан азат ету үшін қандай жұмысты бастағанымды жақсы түсінемін», – деді Дужнов.
Ол қайғылы оқиғаға отбасының үйін тартып алмақ болған банк жүйесі мен алаяқтарды кінәлі деп санайды.
«Банктер адамдарды құйтырқы шарттармен несие алуға итермелейді. Банктің өзінде нағыз алаяқтар шоғырланып алған. Бар байлықты талан-таражға салып отыр. Бұған дәлел ретінде менің ісім бойынша үйімді сарайдың бағасымен сатып алған Тұрғановтың 72 аукционға қатысуы бола алады. Біз фашистерді жеңген Жеңіс күнін тойлаймыз да, бүгінде оларға қарсы соғысып жатқан адамдарды айыптаймыз. Ешқандай көшіру болмайды деп сенгенімді айтқанмын, әлі де айтамын. Мен жәбірленушілерді ешқашан жеккөрген емеспін. Себебі олар - елді ірітетін жүйенің жемісі», – деді ол.
Оның айтуынша, прокурорлар объективті тергеудің орнына, Қазақстан Республикасының Заңдарын өздеріне қалай ыңғайлы, солай ойнатады.
«Қазақстан - әлемде өз-өзіне қол жұмсау бойынша үшінші орында. Бұған осындай заң қызметкерлерінің «сіңірген еңбегі» де жоқ емес. Менің отбасым көптеген заңсыз шешімдердің салдарынан жарқын болашаққа деген үмітін үзді. Бірақ мен өз жанымды аямай, отбасымды, қажет болса, елімді қорғауға әрқашан дайынмын», – деді сотталушы.
Дужнов өзін босату үшін күресетінін де айтты. Оның сөзінен кейін судья 2022 жылдың 26 ​​сәуірінде үкім шығарылатынын жариялады. Еске сала кетсек, Игорь Дужнов сот орындаушысын, үйдің жаңа қожайыны мен оның досын, сондай-ақ екі учаскелік инспекторды өлтірді деп айыпталып отыр. Қайғылы оқиға 2021 жылы 20 қыркүйекте Алматыда болған еді.