50318
Еліміз газдың қолжетімділігі бойынша көшбасында тұр
Еліміз газдың қолжетімділігі бойынша көшбасында тұр
Газдың қолжетімділігі бойынша елдер рейтингінде Қазақстан көш бастап тұр. Екінші орынға Ресей тұрақтаған деп хабарлады turkystan.kz.
РИА Новости рейтингісінің мәліметінше, алғашқы үштікке Қазақстан, Ресей мен Ұлыбритания кірді.
«Қазақстанның тұрмысы орташа тұрғыны жалақысына 8,6 текше метр газ сатып ала алады. Елдегі жалақы жоғары емес, алайда газ бағасы рейтингке қатысушы елдер арасындағы ең төмен», - делінген хабарламада.Екінші орында тұрған Рейсей тұрғындары орташа жалақыға 7,4 текше метр газ сатып ала алады. Ал Ұлыбритания тұрғындарының орташа жалақыға 3,9 текше метр газ сатып алуға мүмкіндіктері бар. Рейтингке 32 еуропалық ел қатысқан.