Алматыда жол апатынан зардап шеккен бір адамның жағдайы өте ауыр

Алматыда жол апатынан зардап шеккен бір адамның жағдайы өте ауыр

Алматыда жол апатынан зардап шеккен бір адамның жағдайы өте ауыр
ашық дереккөзі
50289
Алматыда жантүршігерлік жол апатынан ауруханаға түскен 3 адамның бірінің жағдайы өте ауыр. Бұл туралы орталық қалалық клиникалық аурухананың нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Марат Алматов айтты, деп хабарлады turkystan.kz. Дәрігердің айтуынша, ауруханаға 3 адам келіп түскен. Оның біреуінің жағдайы қазір өте ауыр.
«Ауруханаға түндегі әл-Фараби даңғылының бойында орын алған  жол апатынан зардап шеккен 3 адам келіп түсті. Оның екеуі нейрохирургия бөліміне жатқызылды. Олардың миы шайқалған, жағдайы бір қалыпты. Ал бір науқас реанимация бөліміне жатқызылды, оның жағдайы өте ауыр», – деді  нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Марат Алматов.
Еске сала кетсек, 19 мамырда Алматыдағы әл-Фараби даңғылының бойында ірі жол апаты болды. Оқиға орнында бір азамат қаза болып, 3 адам ауруханаға жеткізілген еді. Тағы оқи отырыңыз: Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)

Серіктес жаңалықтары