4 күн бұрын әскерге кеткен ақтаулық сарбаз есінен адасқан (ВИДЕО)

4 күн бұрын әскерге кеткен ақтаулық сарбаз есінен адасқан (ВИДЕО)

4 күн бұрын әскерге кеткен ақтаулық сарбаз есінен адасқан (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50518
4 күн бұрын әскерге кеткен 19 жастағы Талғат Айтмұханов есінен адасып, артынан іздеп барған туыстарын танымай қалған деп хабарлады turkystan.kz КТК арнасына сілтеме жасап. Отан алдындағы борышын өтеуге сап-сау аттанған сарбаз қазір ешкімді танымайды. Өзімен-өзі сөйлесіп, сұрақ қойсаң, кібіртіктеп әзер жауап береді.  Қазір ол дәрігерлердің бақылауында. Сондай-ақ  әскери ант қабылдап та үлгермеген.
 «Ұрды ма, сізді, иә. Дәл мына жерде жүрген. Мынау да жүрді ғой. Алдыға, артқа жүрді. Мына УАЗ. Қай жеріңнен ұрды? Қай жеріңе тиді? - Арқамнан, мойнымнан тиді»,- деді Талғат Айтмұханов.
19 жастағы жігіт Ақтаудан 400 шақырым жердегі Бейнеу ауданының тумасы. Сарбаздың әкесі ұлын әскерге алып кеткенін де білмеген. Әкесінің айтуынша, ауылдың әскери бөлімшесіндегілер Талғатты «үш күннен кейін қайта келесің» деп алдап, алып кеткен. Алайда бала ауылға оралмай, Қарақия ауданындағы әскери бөлімнен бір-ақ шыққан. Оралда оқитын 1-курс студенті оқуын да аяқтамаған.
«Біздерге кеше сағат он бірде «балаң есін білмейді, тегін білмейді» деп телефонмен хабарласты. 14 мамырда әскерге келген баланы, 11 мамыр күні әскери комиссариат  келіп, екеуі екі жағынан өздері медтексеруден өткізген. Сосын сол күні кешке алдап, алып кеткен. Оған «үш күннен кейін Бейнеуге келесің» деген. Бірақ енді баламды танымай отырмын»,- деді сарбаздың әкесі.
Ақыл-есінен адасқан сарбазды әскерилер ата-анасы келгенше дәрігердің қолына тапсырған. Бірақ ақ халаттылар «бәрі жақсы» деп шығарып салған. Алайда ұлының денсаулығына алаңдаған әкесі оны дәрігерлерге қайта тексертіп жатыр.
 «Жас жігіт медициналық тексеруден өтуге облыстық ауруханаға жеткізілді. Тексеру нәтижесінде МРТ, мидың КТ және дене жарақаттарының қауіпті патологиясы анықталған жоқ. Оған және туыстарына азаматтың басқа гарнизонға бармай-ақ, Ақтау қаласында отан алдындағы борышын өтейтіндігі айтылды. Бұдан кейін әскерге шақырылушы ретінде Айтмұханов Қарулы күштердің қатарында борышын өтеуге қайта өтініш білдірді. Медициналық тексеру барысында денсаулығына қатысты ешқандай шағым болған жоқ. Қазір сарбаз псиохологтың тексеруінен өтіп жатыр. Оның ары қарай Отан алдындағы борышын өтеу, не өтемеуі мамандардың қорытындысына байланысты,- деді 25744 әскери бөлім командирінің орынбасары, Жәнібек Кұранбеков.
 

Серіктес жаңалықтары