Шымкентте сақтандыру құжатынсыз жүрген 292 көлік анықталды

Шымкентте сақтандыру құжатынсыз жүрген 292 көлік анықталды

Шымкентте сақтандыру құжатынсыз жүрген 292 көлік анықталды
ашық дереккөзі
50406
«Қорғау» бағдарламасы арқылы шымкенттік полицейлер сақтандыру құжатынсыз жүрген 292 көлікті анықтады деп хабарлады turkystan.kz. polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Жол қозғалысы ережелерінің бұзушылықтары мен жол-көлік оқиғаларының санын азайту үшін әзірленген «Қорғау» бағдарламасының көмегімен шымкенттік полицейлер оны қолданысқа енгізген сәттен бастап қала жолдарында 3991 құқықбұзушылық жасаған 902 автокөлікті анықтады. Сонымен қатар, елімізде тіркеуде тұрған, бірақ сақтандыру құжатынсыз жүрген 292 көлік анықталды. Осы уақыт аралығында заң талаптарын бұзған 381 автокөлік айыптұраққа жеткізілді.
«Бұдан өзге, 222 шетелдік нөмірлі автокөлік иелері сақтандыру құжатынсыз жүргені белгілі болды. Өз кезегінде тәртіп сақшылары жол қозғалысының барлық қатысушыларынан жол жүру ережелерін қатаң сақтауды сұрайды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары