50315
Тақырлап алып тастаған: елордада колледж мұғалімінің басы дауға қалды (ВИДЕО)
Тақырлап алып тастаған: елордада колледж мұғалімінің басы дауға қалды (ВИДЕО)
Нұр-Сұлтандағы колледждердің бірінде студенттер сабақ үстінде шаштарын тақырлап алдыртқан. Олардың бұл бастамасын тарих пәнінің мұғалімі қолдапты деп хабарлады turkystan.kz «Еуразия» арнасына сілтеме жасап.
Ұстаз бұл әрекеті үшін жұмыстан қуылған. Ал студенттер сүйікті мұғалімдерін қайтару үшін петиция құрып, телеарнадан көмек сұрады.
Олар өз әрекеттерін ұсақ тентектік деп түсіндірді. Айтуларынша, студенттер Отан қорғаушылар күні қарсаңында биыл әскерге шақырылғандарды осылайша қолдамақ болған. Бірақ соған бола адамды жұмысынан айыру әділетсіздік деп бас көтерді.
«Әкем тым болмағанда ерге ұқсадың, деді. Ал анам оңды көзқараспен қарады», - дейді 1-курс студенті Әділ Жаңабай. «Менің алдыңғы шаш үлгім ешкімге ұнамайтын. Каре еді. Маған бәрі шашыңды қысқарт дейтін. Әрі жігіттердің 7-мамырға орай бастаған идеяларын қолдағым келді», - дейді білімгер Әмір Құсайын.Студенттердің айтуынша, жас ұстаздың арқасында олардың үлгерімі мен сабаққа қатысуы жақсарған. Мұғалімді жұмыстан шығармау үшін олар петиция құрып, 80 қол жинап үлгерген. Десе де колледж әкімшілігі білімгерлер арасында мұндай қылыққа жол беруге болмайтынын қатаң түрде ескертті. Мұғалім де өз еркімен жұмыстан кетіпті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram