Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті
ашық дереккөзі
50294
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлады turkystan.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. Қырғызстан Президенті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық және Қазақстан халқының игілігі жолындағы аса жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
«Әңгімелесу барысында қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігінің даму перспективалары талқыланды. Осы ретте Қазақстан Президентінің Қырғызстанға жоспарланған ресми сапарына ерекше назар аударылды», - делінген хабарламада.
Президенттер алдағы уақытта өтетін жоғары деңгейдегі келіссөздердің екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға тың серпін беретініне сенім білдірді.

Серіктес жаңалықтары