TiJi кейіпкерлері қазақ тілінде сөйлейді

TiJi кейіпкерлері қазақ тілінде сөйлейді

TiJi кейіпкерлері қазақ тілінде сөйлейді
ашық дереккөзі
50316
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров «TiJi» балалар телеарнасының аудиожолағының қазақ тілінде ашылуы бойынша  телеарнаның өкілдерімен кездесу өткізді деп хабарлады turkystan.kz. Кездесу барысында Асқар Омаров Мемлекет басшысының 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялағанын атап өтті.
«Қазіргі ақпараттық ғасырда балалардың қарым-қатынас ортасын қалыптастыруда мультфильмдердің ықпалы зор. Осыған байланысты министрлік әлемге танымал мультипликациялық балалар арналарын қазақ тіліне аудару бойынша ауқымды жобаны іске асыруда. Бұл балалардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ өскелең ұрпақты тәрбиелеуге септігін тигізетініне сенімдімін», - деді министр.
Кездесу барысында журналистердің біліктілігін арттыру, анимация өндірісі және министрлік жетекшілік ететін басқа да салалар бойынша екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды. Айта кетсек, балалар телевизиялық контентін өндірушілерді таңдау кезінде балалар телеарналарының осындай жобаларды іске асырудағы тәжірибесі және хабар тарату тілдерінің саны ескерілді. Мәселен, «TiJi» арнасының 20 елде 14 түрлі тілде хабар тарату тәжірибесі бар. Телеарнаның негізгі миссиясы - 2 жастан 7 жасқа дейінгі балалар үшін қауіпсіз ақпараттық кеңістікті қамтамасыз ету.  

Серіктес жаңалықтары