«Өзіме қамқор болған ағаның майданда қаза болуы мені шын жетім етті. Оны ұмыта алатын емеспін. Жаңа туған тұңғыш ұлымның Жомарт деген атына Қасым ағамның атын қосып атап жүрмін»,- деп еді. Осы әңгімені көңілі босап, көзіне жас үйіріліп, егіліп айтты. Кейін үйінде болғанда кішкентай Қасым-Жомартты көрсетіп, «Менің ағамның атын қойған ұлым – мынау», деп көрсеткен», – деп жазған Қирабаев өзінің естелігінде.
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев 69 жасқа толды

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев 69 жасқа толды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 69 жасқа толды. Ол 1953 жылы Алматыда өмірге келген. Оның әкесі - белгілі жазушы Кемел Тоқаев, ал анасы - мұғалім Тұрар Шабарбаева.
Тоқаев 2019 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті ретінде ант қабылдады.
Президент туған күнін атап өтуді ұнатпайды. Отбасында балалардың да, ата-анасының да туған күнін тойлау дәстүрі жоқ екенін айтқан. Бұл туралы бұған дейін баспасөз хатшысы болған Берік Уәли мәлімдеген еді.
Әдебиет сыншысы Серік Қирабаевтың айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаевтың есімі әкесінің майданда қайтыс болған Қасым деген ағасының құрметіне қойылған.