Жамбыл облысында ер адам 9 жасар екі баланы зорлап келген

Жамбыл облысында ер адам 9 жасар екі баланы зорлап келген

Жамбыл облысында ер адам 9 жасар екі баланы зорлап келген
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында да сұмдық жағдай. Шу ауданының 30 жастағы тұрғыны тоғыз жастағы екі жеткіншекті ұзақ уақыттан бері зорлап келген деп хабарлады turkystan.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап. Үшінші сынып оқушыларына азғындық жасады деген күдікті ұсталып, қамауға алынды.
«Полиция қызметкерлерімен жедел іздестіру шараларын жүргізгенде, Шу ауданының 30 жастағы тұрғыны ұсталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 12-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктіге қатысты Шу ауданының сотымен қамауға алу бұлтартпау шарасы қолданылды. Барлық сараптама тағайындалды», – деді Жамбыл облысы ПД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.
Таратылған мәліметтерге сүйенсек, 43 жастағы жергілікті тұрғын баласы мен оның досының жыныстық сипатта зорлыққа ұшырағанын айтып полицияға  шағым түсірген. Арызда екі балаға ауылдағы қараусыз тұрған ғимараттардың бірінде қиянат жасалғаны айтылған. Ал, бейресми ақпараттарға сенсек, сорақылық оқушының бірінің денсаулығы күрт нашарлап дәрігерге қаралғанда анықталған. Тоқішегіне қатты зақым келген. Оқушы азғынның құрбанына айналғанын айтуға қорыққан. Педофил болған жағдайды біреу-міреу естісе, «өздеріңді де, ата-аналарыңды да өлтіремін» деп сес көрсеткен. Жеткіншектер бір жыл бойы іштен тынып жүрген. Ел арасында күдікті ауыл имамының көмекшісі екені айтылған. Бірақ, облыстың бас имамы бұл деректі теріске шығарып, қоластында ондай қызметкердің мүлдем болмағанын жеткізді.