«Бұл соғыс мәңгілік емес. Бейбіт келіссөздер жасайтын күн туады. Бірақ мен оны таяу уақытта болады деп ойламаймын. Алайда бір нәрсе айтайын. Біз ешқашан берілмейміз», – деді БҰҰ бас хатшысы.Сонымен қатар, ол осы соғыстың салдарынан әлемге ашаршылық қаупі төнетініне алаңдайтынын жеткізді. Себебі Украинадағы соғыс әлемнің әртүрлі бөліктеріндегі азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндіріп жатыр.
«Украинадағы әскери қақтығыс жуырда тоқтамайды» – БҰҰ

«Украинадағы әскери қақтығыс жуырда тоқтамайды» – БҰҰ
Біріккен ұлттар ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Украинадағы әскери әрекеттерге қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, Украинадағы қақтығыстар жуырда тоқтамайды деп хабарлады turkystan.kz Euronews-ке сілтеме жасап.
Гутерриш тіпті соғысты тез арада тоқтатуға және жақын болашақта бейбіт келіссөздер жүргізуге мүмкіндік жоқ деп отыр. Бұл туралы ол сәрсенбіде Венада БҰҰ ішкі конференциясының ашылу салтанатының алдында айтты.