50367
Қазақстанда Түркияның ұшқышсыз ұшақтары шығарылмақ
Қазақстанда Түркияның ұшқышсыз ұшақтары шығарылмақ
Қазақстанда Түркияның ұшқышсыз ұшақтары шығарылмақ деп хабарлады turkystan.kz Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
10 мамырда Анкарада «Kazakhstan Engineering» ҰК» АҚ мен «Turkish Aerospace» арасында әскери-техникалық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжаттық келісімге сәйкес, Қазақстанда «Kazakhstan Engineering» еншілес компаниясының базасында ANKA ұрмалы ұшқышсыз ұшу аппараттарын құрастыру және оларға техникалық қызмет көрсету желісі ұйымдастырылады.
«Қазақстанда ANKA ұшқышсыз ұшақтарды бірлесіп өндіру туралы келісімге қазақстандық делегацияның Анкараға сапары аясында «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Теміржан Әбдірахманов және «Turkish Aerospace» (TUSAŞ) президенті, профессор Темел Котиль қол қойды. Келісім шеңберінде ҰҰА-тарын бірлесіп өндіру саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін ҰҰА-тарын техникалық қызмет көрсету және жөндеу үшін технологияларды беру және персоналды оқыту жоспарда бар», – делінген ресми хабарламада.Еске салсақ, ANKA барлау және соққы дрондары 2013 жылы Түркияда құрылды. Ұрыс жағдайында сыналды. ҰҰА-ның ең жоғары ұшу салмағы 1 700 кг, пайдалы жүктемені 350 кг-ға дейін көтеруге қабілетті, ұшу уақыты - ең жоғары биіктігі 9 000 метр, 30 сағатқа дейін. Қанатының ұзындығы 17,5 метр, ұзындығы шамамен 8 метр. Тағы оқи отырыңыз: Түркия Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алды