Елорда тұрғындары Жеңіс күніне арналған мерекелік отшашуды тамашалай алады. Отшашу демеушілердің қаржысына ұйымдастырылмақ.
Бұл туралы
24.kz хабарлады.
Отшашу бүгін, 9 мамыр күні сағат 22:00-де Есіл өзенінің жағалауынан басталады, ұзақтығы - 10-12 минут, кемінде 3 мың рет атылады деп жоспарланған.
Одан бөлек қала тұрғындары үшін концерт, қойылым түріндегі түрлі онлайн және офлайн іс-шаралар ұйымдастырылады.