50491
Ресейде алапат өрт шығып, 500 үй жанып кетті
Ресейде алапат өрт шығып, 500 үй жанып кетті
Ресейдің Красноярск өлкесінде орман өрті салдарынан 500 үй өртеніп кетті. Өрт салдарынан 5 адам қаза тапқан деп хабарлады turkystan.kz.
Алапат өрт шыққандықтан өңір губернаторы Александр Усс төтенше жағдай режимін жариялады. Оның сөзінше, жалын 1 мың гектар жерді шарпыған.
«Қазіргі кезде жағдай губернатордың бақылауында. Кей жерде қатты желдің әсерінен сымдар үзілді. Сондықтан өрттің алдын алу үшін бірнеше елді мекен электр қуатынсыз қалды», – деді аймақ басшысының баспасөз қызметі.Тағы оқи отырыңыз: Ресейде оқ-дәрі қоймасы өртенді