«Канело» күтпеген жерден Биволдан жеңіліп қалды

«Канело» күтпеген жерден Биволдан жеңіліп қалды

«Канело» күтпеген жерден Биволдан жеңіліп қалды
ашық дереккөзі
50674
Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес ресейлік Дмитрий Биволдан күтпеген жерден ұтылып қалды деп хабарлады turkystan.kz. Жекпе-жек Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласындағы T-Mobile спорт кешенінде өтті. 12 раунд болған бокс кешінде жекпе-жек алдында аутсайдер саналған Бивол «Канелоны» біраз қинап, жеңіске жетті. 12 раундтық қорытындысы бойынша үш төреші де 115-113 есебімен жеңісті ресейлік боксшыға  берді. Еске салсақ, орта салмақта әлемнің абсолютті чемпионы деген атағы бар Альварестің карьерасындағы екінші жеңілісі. Ол осыған дейін 57 рет жеңіске жеткен. Ал Бивол болса 20 рет жеңіс тұғырына көтерілген. Осы уақытқа дейін жеңіліп көрмеген.

Серіктес жаңалықтары