Елге Қошқарбаев пен Булатовтың Рейхстагқа Ту тіккенін растайтын құжаттар жеткізілді

Елге Қошқарбаев пен Булатовтың Рейхстагқа Ту тіккенін растайтын құжаттар жеткізілді

Елге Қошқарбаев пен Булатовтың Рейхстагқа Ту тіккенін растайтын құжаттар жеткізілді
ашық дереккөзі

Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігі Қазақстан Қарулы күштерінің мемлекеттік әскери-тарихи мұражайына мұрағат құжаттарының көшірмесін табыстады деп мәлімдеді turkystan.kz. Құжатта Ресейге Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатовтың Рейхстагқа Ту тіккенін растайтыны жазылған. Ведомствоның әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, тарихи маңызы бар құжаттар журналист Ақмарал Баталованың арқасында табылып, кітап болып басылып шыққан.

«Бұл мұрағаттық құжаттар 1945 жылдың 30 сәуірінде Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатовтың Рейхстаг қасбетіне Жауынгерлік Туды тігу туралы ерлігін растайды. Құжаттардың өскелең ұрпақты Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің ерлігі мысалында әскери-патриоттық сезімге тәрбиелеуде маңызы зор», – делінген хабарламада.
Тағы оқи отырыңыз: Сауранда 50 жыл бұрын жазылған аманат хат ашылды