50414
«Референдум алдында аноним үгіт материалдарына тыйым салынады» – Бас прокуратура
«Референдум алдында аноним үгіт материалдарына тыйым салынады» – Бас прокуратура
Республикалық референдумға үгіт-насихат ережелерін бұзғандарға айыппұл салынады деп хабарлады turkystan.kz.
Дегенмен, азаматтар мен қоғамдық бірлестіктерге референдумға шығарылған мәселе бойынша өз пікірін білдіру құқығына кепілдік беріледі. Алайда, үгіт материалдарында оны шығарған ұйым, мекеме жайлы ақпарат және оларды шығаруға жауапты тұлғалар туралы дерек болуы қажет.
«Анонимдік үгіт материалдарын таратуға тыйым салынады. Авторы немесе осы материалдарды шығарған ұйымдар туралы ақпараты жоқ материалдар анонимді болып саналады», – деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Нұргүл Мауберлинова Орталық сайлау комиссиясында өткен жиын барысында.Сонымен қатар вице-министрі референдумның алдындағы күні және референдум күні үгіт жүргізуге тыйым салынатынын ескертті.
«Референдумға дайындық кезеңінде құқыққа қайшы контентті анықтау алгоритміне сәйкес БАҚ пен әлеуметтік желілерде мониторинг жүргізіледі. Заңбұзушылық белгілері бар материалдар одан әрі шара қабылдау үшін Бас прокуратураға жіберіледі», – деді вице-министр.Бас прокурор орынбасары Болат Дембаев болса, аноним үгіт материалдарын таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын айтты. Оның айтуынша, ҚР Қылмыстық кодексінің баптары бойынша әлеуметтік және ұлттық алауыздықты қоздырғаны үшін, сондай-ақ билікті күшпен басып алуға немесе билікті күшпен ұстап тұруға үгіттегені және жария түрде шақырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылған. Тағы оқи отырыңыз: Референдумның өткізілу тәртібі бекітілді