50302
Сыртқы істер министрлігі Кеосаянға қатысты мәлімдеме жасады
Сыртқы істер министрлігі Кеосаянға қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Тигран Кеосаянға нон грата персонасы мәртебесін беру процесін бастады. СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияровтың мәлімдеуінше, кейде дипломатиялық қатынас барысында осындай әдісті қолдануға тура келеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Сол күні Кеосаянды елімізге кіруге рұқсат етілмеген тұлғалар тізіміне енгізу процесін бастадық. Дипломатиялық тәжірибеде кейде мұндайды қолданамыз», – деді Айбек СмадияровЕске салсақ, 24 сәуірде Кеосаян YouTube каналында қазақстандықтарға қатысты мәлімдеме жасаған еді. Артынша қоғам белсенділері мен әлеуметтік желі қолданушылары бұл тұрғыдан не ойлайтынын жарыса жазды. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Тигран Кеосаянның сөздерін негізсіз деп отыр. Енді ол Қазақстанға кіруге тыйым салынатын адамдардың тізіміне енгізілуі мүмкін. Тағы оқи отырыңыз: «Сен – шіріген шовиниссің!»: Досхан Жолжақсынов Кеосаянға жауап берді (ВИДЕО)