50848
Қаңтар оқиғасы: Министрлік сот барысында не ескерілетінін айтты
Қаңтар оқиғасы: Министрлік сот барысында не ескерілетінін айтты
Қаңтар оқиғасынан кейінгі сот барысында жағымды мінездемелермен қатар, зардаптың орнын толтыруы да ескеріледі.Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Санжар Әділов орталық коммуникациялар қызметінде айтты деп хабарлады turkystan.kz.
Әділовтің айтуынша, Алматы облысының үш тұрғыны жаппай тәртіпсіздік барысында Талдықорған қаласындағы «Технодом» сауда үйінен сомасы 950 мың теңгеден артық тұрмыстық техниканы жымқырған.
«Сот күдіктілерге «күзетпен ұстау» түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады. Күдіктілердің бірінің екі жас баласы, ал екіншісінің анасының асырауында баласы бар екені, сондай-ақ олардың келтірілген залалдың орнын толығымен өтегені ескеріліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезеңінде бұлтартпау шарасы үйқамаққа ауыстырылды. Сондай-ақ сот олардың мінездемелерін, қылмыс жасауына өкінетінін және залалды өтегенін ескеріп, оларды үш жылға бас бостандығын шектеуге соттады», – деді Әділов.