50458
Ораза айында 1085 ұл балаға Рамазан есімі қойылды
Ораза айында 1085 ұл балаға Рамазан есімі қойылды
Қазақстанда сәуір айында дүниеге келген ұлдарға Рамазан, ал қыздарға Медина есімі ең көп қойылған. Бұл ақпаратты ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жариялады деп хабарлады turkystan.kz.
Мысалы, Рамазан есімді 1085 ұл дүниеге келді. Екінші орында ұлдарға көп қойылған есімдердің бірі – Айсұлтан. Бұл ат 248 ұлға қойылды. Танымал үштікке 174 адамның таңдауымен Алихан есімі еніп тұр. Наурыз айында бұл ең көп қойылған (284) ат болатын. Сондай-ақ, сәуірде 141 қазақстандық баласына Нұрислам есімін беріпті. Бұл есім наурыз айында да 4-орында болған. Ол кезде 191 бала осы есіммен Қазақстан азаматы атанды. Ал, қыздарға ең көп қойылған есім – Медина.
Сәуірде 430 ата-ана осы атты таңдапты. Екінші орында – Раяна, бұл есім 383 рет қойылған. 343 қызға берілген Айша есімі кең таралған санаттағы үштікке еніп отыр. Жалпы, өткен айдағы статистика нәрестелерге негізінен мұсылманша есімдердің жиі қойылғанын көрсетеді. Айталық, Али, Ислам, Мухаммад, Муслим, Дінмұхаммед, Амина, Ясина, Фатима сияқты басқа да есімдер кең таралған.
Еске салсақ, биылғы бірінші тоқсанда МӘМС жүйесі шеңберінде экстракорпоралдық ұрықтандырудың 835 рәсімі орындалды.