Қоғамдық саясат институты Рамазан айында ораза ұстағандар жайлы қызықты деректерді алға тартты деп хабарлады turkystan.kz. SocioExpert хабарлағандай, респонденттердің 35,2% - ы ораза ұстаған. Ауыз бекіткендер саны басқа өңірлермен салыстырғанда еліміздің оңтүстік өңірлерінде жоғары: Жамбыл облысында (65,6%), сондай-ақ Шымкент (60,1%) және Алматы қалаларында (53,6%). Сұрақ-жауап алынған адамның жасы неғұрлым жас болған сайын ауыз бекіту ықтималдылығы жоғары болған: 18-29 жас аралығында бұл респонденттердің 41,1%, 61 жастан асқан қазақстандықтар арасында тек 27% ораза ұстаған. Ауыз бекіткендер арасында ауыл тұрғындарына қарағанда (30,1%) діндарлар (38,5%) көп. Оразаны ер адамдар (34,3%) мен әйелдер (35,7%) бірдей мөлшерде ұстады. Сауалнама нәтижелері бойынша қазақстандықтардың 12,3% - ы ұстанатын сеніміне адал, оның барлық талаптарын сақтайды. Зерттеулер осы жылдың сәуір айында жүргізілді, оған барлығы 6800 респондент қатысты.
Жүктелуде...