Түркіменстан билігі әйелдердің сыртқы келбетін бақылайды

Түркіменстан билігі әйелдердің сыртқы келбетін бақылайды

Түркіменстан билігі әйелдердің сыртқы келбетін бақылайды
ашық дереккөзі
50774
Түркіменстан билігі қыз-келіншектердің сыртқы келбетін бақылауды күшейтті. Мұндай шара елде әйелдердің жасанды тырнақ, кірпік, ботокс жасатуына тыйым салу туралы заң шыққан соң күшейген деп хабарлады turkystan.kz. Қазір билік көшеде, сұлулық салондарында, жоғары оқу орындарында ғана емес, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарда да талаптарды қатайтқан. Күн сайын мектептегі оқушы қыздардың тырнақтарын тексереді. Әйелдер мен қыздарға шашын қысқа етіп қиюға тыйым салынды. Мәселен, арнайы құрылған тексеру топтары қыз-келіншектердің сыртқы және моральдық сипатын бақылайды. Тексеру барысында олар әйелдерге ұзын және ұлттық киім киюді талап етеді.  Мысалы, комиссия бір әйелге сары түсті шашын қара түспен бояуды талап еткен. Оған қоса, бұрын істеткен жасанды сұлулықты (жасанды кірпік, қас, тырнақ, ботокс) кетіру  туралы ескерту жасаған. Бұл үшін бюджет қызметкерлеріне бір күн уақыт берілген. Тағы оқи отырыңыз: Түркіменстан әйелдеріне жасанды тырнақ, кірпік, ботокс жасауға тыйым салынды

Серіктес жаңалықтары