Ақтөбеде «сақалдылар» есірткімен ұсталды

Ақтөбеде «сақалдылар» есірткімен ұсталды

Ақтөбеде «сақалдылар» есірткімен ұсталды
ашық дереккөзі
Ақтөбе қаласының полицейлері жат діни ағымның мүшелерін есірткімен ұстады деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап. 15 сәуір күні сағат 01.50-де патрульдік полиция қызметкерлері Жиенбаев көшесінде жол ережесін бұзған Ваз-2114 автокөлігін тоқтатып, жолаушылардың бірінен пакетке салынған 15 дана газетке оралған салмағы 800 грамм марихуананы тәркіледі. Енді көлікті жүргізген 37 жастағы азамат пен екі жолаушы Қылмыстық кодекстің 297-бабы 1-бөлігі бойынша мүліктері тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін сотталуы мүмкін. Ұсталған адамдар жат діни ағымның мүшелері болып шықты. Тағы оқи отырыңыз: Пандемия кезінде деструктивті ағымға қосылғандардың саны артқан