Пандемия кезінде деструктивті ағымға қосылғандардың саны артқан

Пандемия кезінде деструктивті ағымға қосылғандардың саны артқан

Пандемия кезінде деструктивті ағымға қосылғандардың саны артқан
ашық дереккөзі
Карантиндік шектеулерден соң қазақстандық теологтар дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанушылардың саны көбейгенін айтады. Шымкенттің өзінде мамандар 270 адамды ағымнан шығарып, қалыпты өмірге қайтарған деп хабарлады turkystan.kz 31 арнаға сілтеме жасап. Шымкент қаласы Дін істері басқармасының басшысы Әлжан Тұяқбаев теріс ағымдағы адамдармен егжей-тегжей жұмыс жүргізетінін айтады. Ал теологтар олардың діни көзқарастарының дәрежесін анықтап, олармен әрі қарай жұмыс істеу әдістерін анықтайды. Карантиндік шектеулерден кейін деструктивті ағымға қосылған адамдардың саны артты дейді мамандар. Ал пандемияға дейін төмендеу үрдісі байқалған. Психологтардың пікірінше, бұл – табиғи нәрсе. Қиын кезеңдерде адамға кез келген көмек пен қолдау қажет.
«Егер өмірлік проблема, отбасында қиын жағдай болса, адам сырттан көмек іздейді. Экономикалық әл-ауқат – адамның негізгі қажеттілігі», – дейді психолог Герман Владимиров.
Ал имам Әділхан Сертайдың айтуынша, деструктивті ой көбіне әлеуметтік желіде тарайды, сондықтан жастар оларға көбірек ұшырайды. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, кез келген адам осындай жағдайға түсуі мүмкін.
«Жалғыздық – факторлардың бірі ғана. Кез келген адам, кез келген ұлт өкілі, маман иесі жат ағымның құрбаны бола алады. Ол техникалық университетті жақсы бітірген инженер, дәрігер немесе суретші болуы мүмкін», – дейді имам.
Орныққан деструктивті көзқарастарды өзгерту оңай емес. Онымен имамдар да, дін істері басқармасының өкілдері де айналысады. Қолдауды ресми мешіттерден, храмдардан іздеген жөн. Себебі шынайы дін мейірімділікке жақ. Ол қылмыс, тонау мен зорлық-зомбылықты айыптайды.