Президент Мемлекет басшысының ешбір партияға басымдық бермей, саяси тұрғыда бейтарап болуы керек екендігін мәлімдеді деп жазды turkystan.kz. Бұл туралы ол бүгін AMANAT партиясының кезектен тыс ХХІІI съезінде айтты.
«Бұл – менің айқын ұстанымым. Мұндай қағида сайлауға қатысатын барлық күштерге тең мүмкіндік туғызады. Саяси жүйеде әділдіктің орнауына жол ашады. Партия атқарушы билікке тәуелді болмаса, оған халықтың сенімі нығайып, беделі артады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Бүған қоса, ол бұл өзгерістер AMANAT-тың заман талабына сай жаңара түсуіне жол ашатынын әрі партия елдің өркендеуіне өз үлесін қоса беретінін мәлімдеді.