Бас мүфти 9 жасар Диананың өтінішіне жауап берді

Бас мүфти 9 жасар Диананың өтінішіне жауап берді

Бас мүфти 9 жасар Диананың өтінішіне жауап берді
ашық дереккөзі
50270
Жуырда ғана әлеуметтік желілерде бір көзін зақымдап алған 9 жасар Диананың бейнеүндеуі тарады. Үйінде бауырларымен ойнап жүріп, есіктің тұтқасына көзін соғып, қатты зақымдап алған Дианаға Түркия мемлекетінде ота жасаудың сәті түсіп тұр деп хабарлады turkystan.kz ҚМДБ-ға сілтеме жасап. Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елорда іргесіндегі Қараөткел елді мекенінде тұратын Диананың отбасына барды. Ол «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйытқы болуымен Диана Досболатқызының емделуі үшін 1 миллион теңге берді.
«Алла Тағала сынақты әр пендеге көтере алатын деңгейде ғана береді және әрбір қиындықтың соңынан жеңілдігін, ауруға шипасын нәсіп етеді. Кішкентай Диананың көзі қалпына келіп, қатарына тез қосыларына сенеміз, бір Алладан сырқатына шипа тілейміз. Сабыр етіп, Жаббар Иемізден үміт үзбеуге шақырамын. Сәтін салып, сырқатынан айығып кетуіне тілектеспін. Бүгінгі ауызашарларыңыз, дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Үйлеріңізге тек игі жақсылар қонақ болып, дастарқандарыңыздан дәм үзілмесін», – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Тағы оқи отырыңыз: «ТМД-да болмаған рекорд»: Қазақстанда баланың еміне 1 млрд теңге жиналды

Серіктес жаңалықтары