Конституцияның 33 бабына 56 түзету енгізіледі

Конституцияның 33 бабына 56 түзету енгізіледі

Конституцияның 33 бабына 56 түзету енгізіледі
ашық дереккөзі
50470
Конституцияның 33 бабына 56 түзету енгізіледі. Демек, толық дерлік өзгерту күтіліп отыр. Бұл туралы конституциялық реформа жөніндегі жұмыс тобы брифингте айтты деп хабарлады turkystan.kz qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап. Конституцияны өзгертуге байланысты  жоспар жүзеге асырылса, Президенттің өкілеттігі қысқарады, Парламент пен мәслихаттардың рөлі айтарлықтай күшейеді. Осылайша, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетігі нығаяды. Енді айтулы өзгерістер кезінде Ата Заңда Нұрсұлтан Назарбаевтың мәртебесі де айқындалады. Конституциялық реформа жөніндегі жұмыс тобы осындай қорытындыға келген. Сондай-ақ негізгі заңда жердің иесі де, киесі де халық екендігіне мән беріліп отыр. Яғни, бұрын мемлекеттің меншігі саналса, енді 6-бап былайша редакцияланған:
«Жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Мемлекет халық атынан меншік иелігін жүргізуге құқылы».
Тағы оқи отырыңыз: Нұрсұлтан Назарбаевтың мәртебесі Конституцияда анықталады

Серіктес жаңалықтары