Еркеғали Рахмадиев атындағы Қазақ академиялық симфониялық оркестрі Украинаның әнұранын орындап, көпшілікті тәнті етті деп хабарлады turkystan.kz. Гимн Қазақстанның Украина және Поляк Республикаларымен орнатылған дипломатиялық қарым-қатынастарының 30 жылдығына арналған концертте орындалған. Мерекелік кеште әнұран ойналған соң, көрермендер «Слава Украине!», «Героем слава!» деп Украина қарулы күштеріне қолдау білдірген. Бейнежазбаны Facebook-ке белгілі кәсіпкер Арман Шораев жариялады. Жазбаға қазақтар ғана емес, Қазақстанда, Израильде тұратын украиндар мен Украина халқының өзі тәнті болған. Тағы оқи отырыңыз: Ресей Украинаға «Орёл» әсіреұлтшылдар батальонын жібереді
Жүктелуде...