Серік Күдебаев ішкі істер органдарынан кетті

Серік Күдебаев ішкі істер органдарынан кетті

Серік Күдебаев ішкі істер органдарынан кетті
ашық дереккөзі
50373
Бұқаралық ақпарат құралдарында генерал-майор Серік Күдебаевтың ішкі істер органдарынан кеткені туралы ақпарат тарады. ІІМ баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады деп жазды turkystan.kz. Серік Күдебаев Алматы облыстық Полиция департаментінің бастығы қызметін атқарып келді. 26 қаңтарда криминалдық жағдайды ескере келе кадр әлеуетін нығайту, қылмыспен күресті күшейту, азаматтардың қауіпсіздігін тиімді қамтамасыз ету үшін Президент әкімшілігімен келісе отырып, Ішкі істер министрінің бұйрығымен Заппаров Арыстанғали Расылханұлы Алматы облыстық Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды. Серік Күдебаев – 1965 жылы 1 қыркүйекте Алматы облысына қарасты Жамбыл ауданының Шиен ауылында дүниеге келген. Ол Қарағанды КСРО ІІМ жоғары мектебін (1990) бітірген, заңгер. Басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі мол. 2009-2013 жылдары Алматы облысының Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, одан кейін бастығы болып жұмыс істеді. Ол Алматы облыстық полициясын 2020 жылдың 29 қаңтарынан бастап басқарды. Тағы оқи отырыңыз: Президент тапсырмасын орындамаған вице-министр қызметінен босатылды

Серіктес жаңалықтары