«Бірден екі Stareable Fest la марапаты! Рэкетир туралы хикая «Best Drama» және «Best in Directing» бойынша үздік деп танылды. Осы жобаны жарыққа шығаруға атсалысқандардың бәріне алғыс білдіреміз! Әрине, көрермендерге рақмет!» – деді фильм авторлары.Сериал 2021 жылы шыққан. Жанры – криминалды драма, комедия. Режиссері – Әлішер Утеев, сценарийін Сергей Литвченкомен бірге жазған. Туынды былтыр Aitube видеохостингіндегі ең үздік сериал атанған.
Қазақстандық сериал АҚШ-та бірден екі марапатқа ие болды

Қазақстандық сериал АҚШ-та бірден екі марапатқа ие болды
Қазақстандық «Сержан Братан» сериалы АҚШ-тағы Stareable Fest LA фестивалінде екі марапатқа ие болды деп хабарлады turkystan.kz Salem Social Media компаниясына сілтеме жасап.