50394
Тоқаев Ботаникалық бақта көшет отырғызды
Тоқаев Ботаникалық бақта көшет отырғызды
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бірге – таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының аясында сенбілікке қатысты. Ботаникалық бақта көшет отырғызды деп хабарлады turkystan.kz.
Сенбілік барысында Президент эковолонтерлермен және жастар кадрлық резервінің мүшелерімен сөйлесті.
Қасым-Жомарт Тоқаев табиғатқа, жалпы экологияға ұқыпты қараудың маңыздылығы туралы айтты. Мемлекет басшысы «Қазақстан болашақта жасыл елге айналуы керек» деп есептейді.
«Тал дегеніміз – қасиетті ұғым. Біз тал-теректерді, табиғатты қорғауымыз керек. Баршаңызға алғыс айтамын. Сіздер Қазақстанның болашағысыздар. Жаңа Қазақстанды ел болып, ұлт болып, мемлекет болып, бәріміз бірге құруға кірісуіміз қажет. Аманшылық болса, Екінші республиканы өркендетеміз. Жалпы, келешегіміз жақсы, айқын, жарқын болатынына ешқандай күмәнім жоқ. Мемлекетіміздің болашағы - жастардың қолында. Мен сіздерге сенемін», – деді Президент.Акцияға қатысқандар 15 түп жөке және 35 түп емен көшетін отырғызды.