«2021 жылы Қор республикалық бюджетке 88,3 млрд теңге дивиденд төледі. Өткен жылдың оң нәтижелерін ескере отырып, биыл «Самұрық-Қазына» мемлекетке 170 млрд теңге дивиденд төлеуді жоспарлап отыр. Өткен жылы Қордың портфельдік компаниялары республикалық бюджетке салық түрінде 1,2 трлн теңгеге жуық қаражат аударды. Бұл республикалық бюджетке түсетін жылдық түсімдердің 10%-ын құрайды. Қор қоғамның әлеуметтік қажеттіліктеріне де қаржы бөледі», – деді Нәзира Нұрбаева.Қор өткен жылы компанияларының атынан әрекет ететін «SK-Trust» корпоративтік қоры былтыр жалпы сомасы 7,1 млрд теңгеге 32 жобаны жүзеге асырған. Тағы оқи отырыңыз: ҚТЖ, «Самұрық-Қазына», «Самұрық-Энерго» басшылығына қатысты тергеу жүріп жатыр
«Самұрық-Қазына» мемлекетке 170 млрд теңге дивиденд төлейді

«Самұрық-Қазына» мемлекетке 170 млрд теңге дивиденд төлейді
«Самұрық-Қазына» қорының 2021 жылғы таза пайдасы 1,6 трлн теңгені құрады. Қор түскен ақшадан Үкіметке 170 млрд теңге дивиденд төлемек деп хабарлады turkystan.kz.
«Самұрық-Қазына» қорының басқарушы директоры Нәзира Нұрбаеваның айтуынша, Қор тобы үшін 2021 жылдың қорытындысы айтарлықтай нәтижелі болды. Ең бастысы, 2020 жылғы дағдарыстан кейін компаниялардың іскерлік белсенділігі қалпына келген.