Украин әскері Мариупольде қоршауда қалған қаруластарын құтқарды

Украин әскері Мариупольде қоршауда қалған қаруластарын құтқарды

Украин әскері Мариупольде қоршауда қалған қаруластарын құтқарды
ашық дереккөзі
Украинаның 36-шы теңіз жаяу әскерлері жеке бригадасының жауынгерлері басқа бөлімшелермен бірге Мариупольде қоршауда қалған қаруластарын құтқарып қалды деп хабарлады turkystan.kz Obozrevatelom порталына сілтеме жасап. Украина Қарулы күштерінің басқа бөлімшелері мен Ұлттық гвардия жауынгерлері өз бастарын бәйгеге тіге жүріп, порттан шекарашылар мен «Азовсталь» зауыты территориясындағы полиция қызметкерлерін құтқарды. Порталдың хабарлауынша, Николаевтан келген теңіз жаяу әскері «азовшылармен» бірге Мариуполь теңіз порты территориясына кіріп, ондағы украин шекарашылары мен ұлттық полицияның бірнеше бөлімшесіне көмекке келген. Егер сырттан көмек келмегенде, порттағы 500-ге жуық украин жауынгері тұтқынға түскен немесе қаза тапқан болар еді. Өйткені олардың оқ-дәрілері таусыла бастаған болатын. Тағы оқи отырыңыз: Украина теңіз жаяу әскерлерінің командирі әлемнен көмек сұрады (ВИДЕО)