Украина теңіз жаяу әскерлерінің командирі әлемнен көмек сұрады (ВИДЕО)

Украина теңіз жаяу әскерлерінің командирі әлемнен көмек сұрады (ВИДЕО)

Украина теңіз жаяу әскерлерінің командирі әлемнен көмек сұрады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Украина Әскери-теңіз күштері 36-шы теңіз жаяу әскері бригадасының командирі әлем басшыларынан көмек сұрап, видео жариялады деп жазды turkystan.kz. Сергей Волынаның бригадасы Мариупольдегі «Азовсталь» зауытының қорғаныс шебін ұстап тұр. Дегенмен, Ресей әскерінің күштері өздерінен он есе көп екенін айтқан командир уақыттың аз қалғанын, соған байланысты бейбіт тұрғындар мен әскерилерді үшінші елге эвакуациялау қажет екенін мәлімдеді.
«Бұл менің соңғы хабарламам болуы мүмкін. Қарсыластар әуеде де, жерде де бізден техникамен, танктерімен басым болып отыр. Әлем басшылары бізді, яғни, Мариуполь гарнизонын, әскерлерді «extraction» тәсілімен қауіпсіз, үшінші елдің аумағына көшірулерін сұраймыз. Бізбен бірге 500-ден астам жаралы жауынгер мен жүздеген бейбіт азамат бар», – деді командир Волына.
Айта кетейік, «extraction» тәсілі – әскери және азаматтық тұлғаларды ұрыс қимылдары жүргізіліп жатқан жерден қауіпсіз аймаққа (бұл жағдайда үшінші мемлекеттің аумағына) шығаруды көздейтін эвакуация немесе айдауыл рәсімі. Бұл тактика жеке құрамның жойылу қаупі туындаған кезде қолданылады. Бұған дейін Сергей Волынаның Рим Папасынан көмек сұрап, хат жазғаны туралы ақпарат тараған болатын. теңіз