Семейде жыл басынан бері 129 ерлі-зайыпты ажырасқан

Семейде жыл басынан бері 129 ерлі-зайыпты ажырасқан

Семейде жыл басынан бері 129 ерлі-зайыпты ажырасқан
ашық дереккөзі
50227
Семей қаласында жыл басынан бері 500-ден астам жұп шаңырақ көтерген. Ал 129 отбасының шаңырағы шайқалған деп хабарлады turkystan.kz.  Қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы Баян Бейсекееваның мәлімдеуінше, 2022 жылдың алғашқы 3 жарым айында 561 жұп отбасын құрған. Мұндай көрсеткіш бірнеше жылдан бері болмаған. Ал биыл шаңырақ құратындардың саны артқан. Отбасын құратындардың күрт көбеюіне коронавирусқа қатысты шектеулердің жеңілдеуі себеп болған көрінеді.
«Жыл басынан бері 129 ерлі-зайыпты некесін бұзды. Биыл бірнеше айдың ішінде 1768 нәресте дүниеге келді. Өткен жылы 426 неке бұзылса, жаңа туған нәресте саны 6898-ді құраған», – деді Баян Бейсекеева.
Тағы оқи отырыңыз: Шенеуніктер мұқтаж отбасыларға ашыған сүт пен ішуге жарамайтын шай таратқан (ВИДЕО)

Серіктес жаңалықтары