50273
Инвестиция тартуда сылбырлық танытқан министрліктер анықталды
Инвестиция тартуда сылбырлық танытқан министрліктер анықталды
Премьер-министр Әлихан Смайылов Инвестициялық штаб отырысын өткізді. Отырыс барысында ол инвестиция тартуда жайбасарлық танытқан министрліктерді атады деп хабарлады turkystan.kz.
Премьер-министрдің айтуынша, жаңа экономикалық сын-тегеуріндер тек тәуекелдерді ғана емес, сондай-ақ дамуға да мүмкіндіктер береді. Сондықтан барлық өңірлер мен мемлекеттік органдардың басшылығы осы бағытта жұмысты жандандыруы қажет.
«Біз мемлекеттік органдарда мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізуде белгілі бір сын-тегеуріндер бар екенін көріп отырмыз. Артта қалған орталық мемлекеттік органдар мен өңірлер бұл мәселеге назар аударуы керек. Негізгі капиталға инвестиция тарту жұмысын жандандыруды және осы мәселені ерекше бақылауда ұстауды тапсырамын. Министрлер мен әкімдер бұған тікелей жауапты. Мәселен, былтыр Мәдениет және спорт, Денсаулық сақтау министрліктері инвестиция тартуда сылбырлық танытқан. Биыл бұл олқылық жойылуы тиіс», – деді Үкімет басшысы.Тағы оқи отырыңыз: «Біз өз балаларымызға қарағанда, легионерлерге 80 есе көп ақша бөлеміз» – Перуашев