50269
Елордада соғыс ардагерлеріне 1 миллион теңгеден беріледі
Елордада соғыс ардагерлеріне 1 миллион теңгеден беріледі
Нұр-Сұлтанда тұратын ІІ Дүниежүзілік соғысының ардагерлеріне Жеңіс күніне орай 1 миллион теңгеден беріледі деп хабарлады turkystan.kz қалалық әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.
Бүгінде елордада 18 ардагер тұрады, олардың ең үлкені - 102 жаста, ең кішісі - 96 жаста. 9 мамырда Жеңіс күнін мерекелеуге олар 1 млн теңге (1 013 060 теңге) мөлшерінде біржолғы төлем алады.
Жеңілдіктер бойынша ІІ Дүниежүзілік соғысының ардагерлеріне теңестірілгендер, ЧАЭС қатысушылары мен мүгедектерінен басқалары 111 300 теңгеден алады. Барлығы 410 адам, оның ішінде - ІІ Дүниежүзілік соғыс кезінде қызмет еткен әскери қызметшілер, фашистік Германияға қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдар, Ленинградта блокада кезеңінде жұмыс істеген азаматтар, концлагерьлердің кәмелетке толмаған тұтқындары, жаралануы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер.
Басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері (Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының ардагерлерінен басқа) - Тәжік-Ауған учаскесінде міндеттерді орындаған, Ирактағы халықаралық бітімгерлік операцияға қатысқан, Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге – 63 600 теңге мөлшерінде төлемдер көзделген. Елордада осы тізімге жататын 810 адам бар.
Тыл еңбеккерлері (1946 адам), қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары, ҰОС қайтыс болған мүгедегінің жұбайы (зайыбы), ЧАЭС қатысушылары қатарындағы оқшаулау аймағынан эвакуацияланған (өз еркімен кеткен) адамдар 9 мамырға дейін 34 980 теңгеден алады. Барлығы – 2 686 адам.
Айта кетейік, ардагерлер төлемдерді ертеңнен бастап ала бастайды.
Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне келесі тегін қызметтер көрсетіледі:
– коммуналдық қызметтер үшін ақшалай өтемақы, ол пәтер алаңына байланысты ай сайын 5-тен 8 АЕК-ке дейін бөлінеді;
– дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;
– мерзімді басылымдарға жазылуға, моншаларға, шаштараздарға баруға әлеуметтік көмек (жыл басында жеке шоттарға 6,5 АЕК аударылады);
– санаторлық-курорттық емдеу қызметтері;
– қалалық жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жүру;
– тіс протездеу қызметтері.
Тағы оқи отырыңыз: Алматыда соғыс ардагерлеріне 1 млн теңгеден беріледі