50290
Жаңаөзенде геофизиктер ереуілге шықты
Жаңаөзенде геофизиктер ереуілге шықты
Жаңаөзендік геофизиктер бейбіт ереуілге шықты. Осы арқылы «Өзенпромгеофизика» АҚ қызметкерлері жалақыны 100 пайызға өсіруді талап етті деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл аздай, геофизиктер 13-айдың жалақысын екі есе өсіру және жеке кәсіпкер ретінде жұмыс істейтіндерді штатқа алу туралы талап қойды.
Ереуілге шығушылардың айтуынша, олар 15 ақпанда жұмыс берушіге өз талаптарын қойған. Дегенмен осы уақытқа дейін талаптары ескерілмепті. Оның үстіне, жұмыс беруші жұмысшыларымен кездесіп, талап-тілектерін естуге келмеген. Ақырында шыдамы таусылған олар ереуілге шыққан. Бас көтерген олар ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, өңір әкімі Нұрлан Ноғаевқа және Жаңаөзен әкімі Айбек Қосуақовқа видеоүндеу жолдады.