30 жылда шет елге заңсыз шығарылған қаржы қалай қайтарылады? – министр жауабы

30 жылда шет елге заңсыз шығарылған қаржы қалай қайтарылады? – министр жауабы

30 жылда шет елге заңсыз шығарылған қаржы қалай қайтарылады? – министр жауабы
ашық дереккөзі
50489
Жыл басында Мемлекет басшысы шет елге заңсыз шығарылған қаржыны қайтару жөнінде Үкіметке тапсырма берген. Екі ай ішінде шет елге заңсыз әкетілген қаржы мен онда сатып алынған активтерді елге қайтару жөнінде ұсыныстар беру міндетін де жүктеген еді. Енді қазір Президент тапсырмасына сәйкес, шет елге заңсыз шығарылған ақшаны қайтарумен айналысатын комиссия жұмыс істеп жатыр деп хабарлады turkystan.kz. Алайда бұл іс оңай емес. Бұлай деп Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты. Оның айтуынша, 30 жылда шет елге кеткен қаражатты қайтарудың бірнеше тәсілі қарастырылады.
«Қазақстанға тікелей инвестициялар 30 жыл бұрын келе бастаған. Осы кезге дейін 400 миллиард доллардан астам ақша құйылған. Демек, сыртқа кеткен ақшаны да осылай есептеу керек. Сондықтан осы уақыт аралығында 100 миллиард доллардан көп ақша кетті деуге болады. Негізінен, шет елге шығарылған ақшаны қайтарудың салықтық және салықтық емес деген секілді бірнеше тәсілі бар. Мәселен, біз қазір осындай жағдай қайталанбасын деп түрлі салықтық кедергі келтіріп отырмыз. Бұдан былай, адамдардың ақшаны сыртқа шығаруы қиындайды. Оған қоса, инвесторларға осы уақытқа дейін берілген дивидендтерге қатысты жеңілдіктерді алып тастаймыз», – деді Әлібек Қуантыров.

Серіктес жаңалықтары