50337
Сенат кибербуллинг туралы заң жобасын Мәжіліске қайтарды
Сенат кибербуллинг туралы заң жобасын Мәжіліске қайтарды
Депутаттар Сенат отырысында кибербуллинг туралы заң жобасын талқылады. Оның қорытындысы бойынша құжатты Мәжіліске қайтарды деп хабарлады turkystan.kz.
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бұл заң жобасы қоғамда белсенді түрде талқыланғанын атап өтті. Балаларды қорғау туралы нормаларды іске асыру жөнінде азаматтық белсенділер түрлі ұсыныстар айтып, заң жобасында ұсынылған ережелерді мұқият зерделеді және келіп түскен өтініштерді ескере отырып, оның бірқатар баптарын қайта қарауды ұсынды.
«Сенаторлар заң жобасынан уәкілетті органға өз қалауы бойынша интернет-ресурстардың, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің қолжетімділігін шектеуге не жұмысын тоқтата тұруға мүмкіндік беретін өкілеттіктерді алып тастады. Соған сәйкес, онлайн-платформалардың өкілдерімен өзара іс-қимыл кезінде балаға қатысты кибербуллинг деп танылған ақпаратты ғана жоюға мән берілді», – деді Мәулен Әшімбаев.Балаларға қатысты кибербуллинг қандай болмақ, өзгесі қандай болады, сенаторлар оны мемлекеттік органға емес, арнайы құрылған сарапшылар тобына шешуді ұсынды. Заң жобасының осы және басқа да бірқатар өзгерістері Мәжіліс депутаттарының қарауына жіберілді.