Бастауыш партия ұйымдарынан ұсыныстар түсіп жатыр

Бастауыш партия ұйымдарынан ұсыныстар түсіп жатыр

Бастауыш партия ұйымдарынан ұсыныстар түсіп жатыр
ашық дереккөзі
AMANAT партиясының Павлодар облыстық филиалы ірі бастауыш партия ұйымдарының төрағаларына арнап семинар-жиналыс өткізді деп хабарлады turkystan.kz. Семинарда партияның жобаларын түсіндіру жұмыстары, «Халыққа көмек» партиялық жобасын іске асыру аясында көшпелі қоғамдық қабылдаулардың жұмысы, нысаналы трансферттерді пайдалану тетігін түсіндіру, әлеуметтік желілердегі жұмыс пен БПҰ-ғы жастар кеңестерінің жұмыстары қаралды. Облыстық филиал бөлімдерінің мамандары әр тақырыпты таныстырып, БПҰ өкілдерінің сауалдарына жауап берді. Партиялық жарналардың 20 пайызы іс-шараларды ұйымдастыру және өзекті мәселелерді шешу үшін ай сайын бастауыш партия ұйымдарына қайтарылатын болады. Осы мәселені Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев AMANAT партиясының съезінде айтқан болатын.
«Менің ойымша, семинарда көтерілген мәселелер халықпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл АМАNАТ партиясының рөлін күшейтуге, әрбір партия мүшесінің қала мен ауданның тыныс-тіршілігіне араласуына септігін тигізеді. Қаңтардағы оқиғалар мен барлық өзгерістерді талдау жергілікті жерлердегі жұмысты жандандыру қажеттігін көрсетті. Депутаттар азаматтарды қабылдау үшін ірі кәсіпорындарда партияның 7 қабылдау бөлмесі ашылды»,- деді партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Илья Теренченко.
Ірі бастауыш партия ұйымдарының өкілдері осындай іс-шаралар жиі өткізілсе деген ниеттерін білдірді.
«Бүгін бізге карталар табыс етілді. Біздің мүмкіндіктеріміз БПҰ-ның өз кәсіпорны ауқымында партияластармен жұмысын жақсарту үшін артып отыр. Бізде іс-шаралар өткізуге, партиялық жобаларға қатысуға мүмкіндік болады», - деді Екібастұз ГРЭС-1 БПҰ төрағасы Серік Серьянов.
AMANAT партиясының облыстық жастар қанатының төрайымы Санира Жүсіпова өз сөзінде ірі кәсіпорындарда және бастауыш партия ұйымдарында  «Жас Отанның» бөлімдерімен қатар білім орталықтарын ашу бойынша жұмыстарды жүргізуді ұсынды. Бүгінде бастауыш партия ұйымдары партияның іргетасына, басты күшіне айналды. Ел Президенті AMANAT партиясын жаңғырту тапсырмасына сәйкес, бастауыш партия ұйымдарының қызметін жандандыру бағдарламасы даярланды. Кереку өңірінде 48 мыңға жуық партия мүшесін біріктірген 219 бастауыш партия ұйымы жұмыс істейді. Алдағы уақытта AMANAT партиясының Павлодар облыстық филиалы бастауыш партия ұйымдарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуді жалғастырады.  width=  width=  width=   Тағы оқи отырыңыз: AMANAT партиясы ұсыныс жасады